Ұлыбританияда "омикрон" штамынан бір адам қайтыс болды

Ұлыбританияда "омикрон" штамынан бір адам қайтыс болды
Сурет: 24.kz

Бұл – елдегі коронавирустың омикрон түрінен тіркелген алғашқы өлім.

Бұл туралы Корольдіктің Премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеді. Сондай-ақ 10-ға жуық тұрғын ауруханаға түскен.

Джонсон "омикроннан" сақтанатын бірден-бір жол – ревакциналау екенін жеткізді. Ел астанасы Лондонда екпе алуға кезек күшейді. Британияның Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид Британияда қазір ковидпен ауырғандардың 20 пайызы омикрон жұқтырғанын алға тартады.Ол алдағы 2-3 күнде бұл вирусты жұқтырушылар саны 2 есе артатынын ескертіп жатыр.

«Індет басталғаннан бері бізде вирус пен вакцина арасында күрес жүріп жатыр. Жаңа "омикрон" штамы пайда болғалы, эпидахуал қайта ушықты. Коронавирустың бұл штамы өте жылдам таралып барады. Британияда қазір 4713 адам омикрон жұқтырған. Бұл көрсеткіш Лондонда 44 процент болып отыр», - Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.