Сайлауаралық үдерістер толық ашық болу керек

Сайлауаралық үдерістер толық ашық болу керек
Сурет: Akorda.kz

Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясына берген тапсырмасы.

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Орталық сайлау комиссиясының сайлауаралық кезеңдегі қызметінің басым бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.