Алматыда полиция қызметкерлері арасында қазақша күрестен турнир өтті

Алматыда полиция қызметкерлері арасында қазақша күрестен турнир өтті
Сурет: Polisia.kz

 Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 35 жылдығына орай ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл шара абсолютті салмақ дәрежесінде жекпе-жек өнерінің әртүрінен кандидаттар мен спорт шеберлерін, яғни 35 спортшының басын қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Polisia.kz мәліметінше, турнир қорытындысы бойынша 1-орынды полиция аға инспекторы Райымбек Есдәулетов иеленсе, 2-орын полиция аға инспекторы Ербосын Байсеркеевке бұйырды. Ал 3-орынды полиция инспекторы Мейірхан Алдабеков иеленді.