Алматыда полицейлер алты ғимаратты қоршауға алды

Алматыда полицейлер алты ғимаратты қоршауға алды
Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта нысандар тексеріліп жатыр

Алматыда 23 ақпанда алты ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметтері жарылғыш құрылғылар туралы хабарламаларға қатысты алғашқы ден қою шаралары аясында жұмысқа кірісті. 

Қазіргі уақытта нысандар тексеріліп жатыр. 

Алматы ПД-да атап өткендей, аталған нысандардың бірі – Қазақстан-Британ техникалық университетін тексеру кезінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады.

Қалған бес нысан әлі тексеріліп жатыр. Оған сапер бөлімшелері мен басқа да мамандар жұмылдырылды. 

Полиция азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға және жәрдем көрсетуге шақырады.