Алматыда пластик терезе шығаратын цех өртенді

Алматыда пластик терезе шығаратын цех өртенді
Сурет: Алматы ТЖД 

Алматының Алатау ауданындағы Шапағат шағынауданында алапат өрт болды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы ТЖД мәліметінше, оқиға 12 қазанда 04.28 шамасында болған. Өртсөндірушілер 6 минутта келіп, пластик терезе шығаратын цехтен өрт шыққанын анықтаған. Өрт ағаш кесуге арналған ағаш шеберханасына, сондай-ақ 500 шаршы метр аумақты алып жатқан ағаш үйінділер жиналған тұрғын үйдің аумағына өткен. 

Өртсөндірушілер қатты жылу әсерінен және қарқынды жану жағдайында жұмыс істеді.

Оқиға орнында жедел штаб жасақталып, сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген. Бірақ оқиға орнында жанатын ағаштың көп болуы және судың алыс орналасуы өрт сөндіру жұмысын қиындатып жіберген. 

Өрт 06.18-де сөндірілген, ал 07.07-де толық өшірілген. Қаза тапқандар жоқ. 

Өртті сөндіруге ТЖД 73 қызметкері мен 22 бірлік техника, "Алматы Судың" 2 суару машинасы жұмылдырылған. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.