Алматыда Pfizer вакцинасын 53 576 адам салдырды

Алматыда Pfizer вакцинасын 53 576 адам салдырды
Сурет: Inform.kz

Оның ішінде 38 870 жасөспірім бар.

Алматыда бір тәулік ішінде 2 978 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 1 421 адам, 2-компонентін 1 557 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 23 ақпаны аралығында қалада 1 136 355 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 092 158 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 842 адамның жасы 60-тан асқан», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 53 576 адам салдырды. Оның ішінде 2 943 жүкті әйел, 11 763 бала емізетін ана және 38 870 жасөспірім бар. 238 131 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакциналау пункті жұмыс істейді. 140 вакциналау бригадасына 520 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.