Софияда өтіп жатқан турнирде қазақстандық боксшы қыздар жеңіске жетті

Софияда өтіп жатқан турнирде қазақстандық боксшы қыздар жеңіске жетті
Сурет: 24.kz.

Бұл - «Странджа» кубогы.

Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирінің кезекті жарыс күнінде қазақстандық бес боксшы қыз жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап. 

50 келідегі Назым Қызайбай испаниялық спортшыны ұтты, 54 келідегі Балауса Мұздиман болгариялық Станимир Петровадан жеңілді. 

54 келіде Дина Жоламан италиялық боксшыны ұтса, 57 келідегі Карина Ибрагимова фин спортшысын жарыс жолынан шығарды. 

60 келідегі Римма Волосенко грекиялық қарсыласын жеңсе, осы салмақтағы Айдана Забынбекова ирландиялық боксшыға есе жіберді. 

66 келідегі Мадина Нұрашева ресейлік Саадат Далгатовадан ұтылса, Дариға Шәкімова алжирлік қарсыласынан басым түсті. 

75 келідегі Надежда Рябец ресейлік Елена Гапешинаны 3:2 есебімен жеңді.