Алматыда Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді
Cурет: Орталық музей

Көрмеге Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Грузия елдерінен келген қолөнер шеберлері қатысады

2021 жылдың 3 – 5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық   музейінде «Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді. 

Жаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарының кең спектрі ұсынылады: ұлттық және бренді киім, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, мельхиор, алтын жалатылған және эмаль,  музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, Янтарь, бисерден жасалған әшекейлер, керамикалық, киіз және жібек бұйымдары, кенепте, берестегі суреттер, қақталған сәндік бұйымдар, қолмен жасалған сабын, жаңа жылдық ойыншықтар және көптеген жұмыстар. 

Көрмеде материалдың, түстің, ою-өрнектің, бұйымдарды жасау техникасының әртүрлілігімен таң қалдыратын Қазақстан мен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің авторлық эксклюзивті туындыларын көруге болады.

Көрме-жәрмеңке аясында музейге келушілер үшін танымал қазақстандық суретші-қыш шебері Әлиасқар Мұсаев қыш қолөнері бойынша шеберлік сабағын көрсетеді.

Көрме қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерін сақтауға ықпал етумен қатар барлық қалаушылар үшін халық шығармашылығының ғажайып әлеміне қол жеткізуге, сонымен қатар көрме қатысушыларынан түрлі үлгілер мен жанрлық бағыттар бойынша шеберлікті үйренуге мүмкіндік береді.