Алматыда өрт сөндірушінің муралы пайда болды

Алматыда өрт сөндірушінің муралы пайда болды
Сурет: ТЖД

Биыл алматылық құтқарушылар 1,8 мың өртті жою жұмыстарын жүзеге асырды

Әуезов ауданындағы бес қабатты үйдің қабырғасында өрт сөндіруші-құтқарушы бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Халықтық қатысу бюджеті-2022" бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ жиілеп кеткен табиғи өрттерді алдын алу шаралары аясында Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы ТЖ Басқармасымен бірлесіп тақырыптық мурал бейнелеу туралы шешім қабылдады. 

Осы жылдың 8 айында ғана алматылық құтқарушылар 1,8 мың өртті жою жұмыстарын жүзеге асырды, ТЖ орындарынан 327 адам эвакуацияланды, өрт кезінде және қаланың су айдындарында 144 адам өмірін сақтап қалды, оның ішінде 17 бала!

Өрт сөндіруші-құтқарушы бейнеленген монументалды кескіндеме объектісі Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қасбетін безендірді. 

«Композицияда ерлік пен батылдықтың символы болып табылатын өрт апатымен күресетін қазақ батырының бейнесі басты орын алды. Мурал-күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіруші - құтқарушылардың ерен еңбегінің айқын нышанына айналды»,-дейді Алматы ТЖД-ті.

Мұралды құру идеясы-халықтың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аудару, қоғамда тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін арттыру.