Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөзі

ҚР ТЖМ "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 13 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 18:44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 90 км жерде Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданының аумағында (Қаратұрық ауылынан 30 км қашықтықта) орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы 4.3. Эпицентрдің координаттары 43.43° с.е. 77.97° ш.б. Тереңдігі 20км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ»,-делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар еткен, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түспеген.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.