Алматыда Офицерлер үйінің жанындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматыда Офицерлер үйінің жанындағы жөндеу жұмыстары аяқталды
Сурет: Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметі

Жалпы ауданы - 5,5 мың ш.м. Офицерлер үйінің ғимараты мен жертөленің шатырын күрделі жөндеу биыл 1 қыркүйекте аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 

Жұмыс жазғы айында басталды. Офицерлер үйіне тиесілі ғимараттың жанындағы алаңда жертөленің шатырынан су ағатын жер жөнделді. Ғимарат пен жертөленің төбесінен соңғы 5 жыл бойы тамшы таматын. Гидроизоляцияны жүргізу үшін плитка жабыны уақытша алынып, қазір оның орнына плиткалар қойылды.
Айта кетейік, Офицерлер үйі – Алматы қаласы үшін тарихи маңызы бар сәулет ескерткіші. Ғимаратта әскери-тарихи музей бар. Осыған байланысты шатырды демеушінің қаражаты есебінен күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды.

Анықтама үшін: Офицерлер үйі «Казахстан ГИС Центр» АҚ қарайды.