Су шаруашылығы саласында мамандар тапшы

Су шаруашылығы саласында мамандар тапшы
Сурет: Aykin.kz

Су шаруашылығында мәселе шаш етектен.

Салаға түбегейлі өзгеріс қажет. Тіршілік нәрінің тағдыры әсіресе, сапалы кадрларға қарап тұр. Мыңдаған шақырым канал мен жерасты сулары сонау кеңес заманында зерттелген. Олардың соңғы 30 жылда қандай өзгеріске ұшырағаны белгісіз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

«Сол себепті әуелі халықаралық тәжірибені зерттеп, сауатты мамандар даярлау ісін қолға алу керек», - дейді Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов.

«Жас мамандар қазір су шаруашылығына бармайды. Ғылыми зерттеулерге қатыспайды. Магистратура мен доктарантурада санаулы ғана балалар оқып жатыр. Бұл дегеніміз кадр жоқ деген сөз. Шетелдік су шаруашылығымен айналысатын институттармен байланысқа шығу керек», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов.