Алматыда нөсер жауын мен дауыл салдарынан ағаштар құлады

Алматыда нөсер жауын мен дауыл салдарынан ағаштар құлады
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда бүгін болған нөсер жауын мен дауыл салдарынан 6 ағаш құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіге үлкен шаңды дауыл мен құлаған ағаш, қираған көліктердің фото, видеоларын салды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қалада желдің күшеюіне байланысты (екпіні – 15 м/с) 112 нөміріне тұрғындардан ағаштардың құлағаны туралы 6 хабарлама түскенін хабарлады.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі, әкімдіктерден мердігерлік ұйымдар жіберілді. Құлаған ағаштардың саны өзгеруі мүмкін. Бұған дейін Қазгидрометтен найзағай, батыстан секундына 15 метр болатын қатты жел туралы дауылды ескерту жіберілген болатын. Сонымен қатар Қазгидромет 22 шілдеге -35 градус қатты ыстық және жоғары төтенше қауіп туралы дауылды ескерту берді», - деп хабарлады ТЖД-дан.