Алматыда нейрохирургтар омыртқа жотасына күрделі операция жасады

Алматыда нейрохирургтар омыртқа жотасына күрделі операция жасады
Сурет:интернеттен

Операция 2,5 сағатқа созылды.

Клиникалық ауруханаға екінші қабаттан құлаған 45 жасар пациенттің ауыр халде екені анықталып, омыртқа жотасына күрделі операция жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген ер адамға «Жұлынының функциясының бұзылуымен бел омыртқасының 3-сатылы асқынған сынығы және аяғының параперезі (паралич), жамбас органдары функциясының бұзылуы, тобығының сынуы» деген диагноз қойылды.

Омыртқасының транспедикулярлы фиксациясы аталатын операцияны ОҚКА нейрохирургы Талғат Сәрсенбаев жасады.

«Омыртқаларын импланттар (транспедикуляр бұрандалар) арқылы тұрақтандыру үшін хирургиялық операция жасалды. Осы бұрандаларды орнатудың арқасында омыртқа тірек тауып сенімді түрде фиксацияланатын болады. Транспедикулярлы фиксация сүйектердің қалпына келу кезінде бір бірімен ығысып кетуін болдырмайтындай дұрыс және тез өсуін қамтамасыз етеді. Операция сәтті өтті, екінші күні пациент өз бетімен отыра алды және тобығының сынығы жазылғаннан соң жүре алатын болады», - деді Ермек Сүлейменов.

Операция 2,5 сағатқа созылды. Айта кететін нәрсе, орталық қалалық клиникалық ауруханада нейрохирургиялық бөлімше қарастырылған, онда бас ми тамырына, сондай-ақ омыртқаға ең қиын операциялар жасалады. Маманның айтуынша, мұндай операцияны жүргізу үшін клиника барлық қажетті жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған.