COVID-19: Уханьда тағы локдаун жарияланды

COVID-19: Уханьда тағы локдаун жарияланды
Сурет: Delfi.lt

Аса қажеттілік болмаса, далаға да шығуына болмайды.

COVID-19-дың алғаш таралған жері болып саналатын Қытайдың Ухань қаласында тағы да локдаун жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz  сілтеме жасап.

11 млн-нан астам тұрғыны бар қала халқы аса қажеттілік болмаса, далаға да шығуына болмайды. Қоғамдық көліктер де тоқтаған. Ал ойын-сауық орталықтары коронавирусты жұқтырған симптомсыз науқастар анықталған соң үш күнге жабылды.

Қытай оқшаулану, қозғалысты шектеу мен жаппай тестілеуден тұратын Covid Zero атты cтратегиясын ұстанып отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Шэньчжэндегі оңтүстік өндірістік орталығына да баса назар аударылып отыр. Өйткені бұл жерде 150-ден астам адам вирус жұқтырғаны анықталды.