Музыкалық марафон

Музыкалық марафон
almaty-akshamy.kz

10 қыркүйекте Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында жыл сайынғы қайырымдылық музыкалық жарыс өтеді.

Қатысушылар әр түрлі қашықтықта күш сынасады: 7-14 жас аралығындағы балалар үшін 2 шақырым, 15 жастан бастап - 10 шақырым, 21 шақырым және скандинавиялық жүру. Қатысушылардан және демеушілерден жиналған барлық қаражат Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының (ПӘО) реанимация бөліміне жабдықтауға жұмсалады.

Іс-шараға байланысты Х. Доспанова к-сі және Рысқұлов даңғылының Ф.Оңғарсынова к-нен Х.Доспанова к-сіне дейінгі бөлігін  ішінара жабу жоспарланған.  

Өткізілетін күні мен орны: 10 қыркүйек, жиналу сағат 8:00, Алматы Арена мұз кешенінің аумағында

Аккредиттеу үшін: Светлана Савенко, ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі, +7 747 518 1714