Алматыда мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өтті

Алматыда мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

15 сәуір – «Мемлекеттік қызмет алушылар күніне» орай, Алатау ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірлесе отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өткізді.

Аталған іс-шараға аудандық білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер, көші қон қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, қорғаныс істері жөніндегі, цифрландыру және т.б. мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.

Жәрмеңкенің мақсаты - азаматтарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру.

150-ден астам адам келген жәрмеңкеде Мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері өздерінің қызмет көрсету тәртіптерін түсіндіріп, қызмет алушылардың сұрақтарына жауап берді.