Алматыда мектептер жанынан шамамен 2000 орынды қосалқы нысандардың құрылысы жүргізілуде 

Алматыда мектептер жанынан шамамен 2000 орынды қосалқы нысандардың құрылысы жүргізілуде 
almaty-akshamy.kz

Алматыда білім беру мекемелерінде оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында мектептер мен қосалқы нысандар салу, сондай-ақ білім беру объектілерін күрделі жөндеу жалғасуда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, Жетісу ауданында №103 мектеп - гимназия жанынан 200 орынды қосалқы нысан салынуда. Қажетті жабдықтары бар оқушы сыныптарынан басқа, жобада асхана және аумақты қосымша көгалдандыру қарастырылған. Жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. 

Осы ауданда №112 жалпы білім беретін мектеп жанынан 300 оқушыға арналған әрі спорт залы, асханасы бар  қосалқы   нысан слаынуда. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Түрксіб ауданында 650 орынды қосалқы нысаны бар №59 мектеп-гимназия реконструкциялануда. Жобада асхана, гардеробтар, 180 орындық аудитория, оқу шеберханалары, мультимедиялық кабинеттер және спорт залы қарастырылған. Жұмыстың аяқталу мерзімі-ағымдағы жылдың мамыр айы.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы "Әлмерек"ш/а №195 мектеп ғимараты жанынан 450 орынды қосалқы нысанның  құрылысы басталды. Жобада мультимедиялық кабинеттер,спорт және асхана залдары, сондай-ақ аумақты қосымша көгалдандыру көзделген. Нысанды 2025 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарлануда. 

Наурызбай ауданының «Шұғыла» ш-а № 174 мектеп ғимараты жанынан 375 орындық қосалдқы нысан салынуда. Жобада мультимедиялық кабинеттер, спорт залы, асхана және басқа да қажетті жабдықтар қарастырылған. Жұмыстарды 2025 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарлануда. 

«Әрбір қосалқы нысан - іс жүзінде жаңа мектеп. Құрылыс кезінде заманауи материалдар қолданылады. Жұмыс сапасын бақылауға ерекше назар аударылады. Сондай ақ қалада №136, №138, №70, №10, №9 №155» сейсмикалық күшейту және мектептерді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті басқармада.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін Алатау ауданында екі мектептің құрылысы аяқталады. Біріншісі-550 орындық «Саялы – 2» шағынауданында, екіншісі-Зерделі шағынауданында да 550 орындық.