Алматыда құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйден өрт шықты

Алматыда құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйден өрт шықты
Сурет: Inform.kz

Алматының Алатау ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пластикалық құбырлар өртенді. 

Желі қолданушылар оқиға орнынан түсірген видеоларды желіде бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық ТЖД 18 наурыз сағат 13:58–те өрт сөндірушілер Момышұлы мен Универсиада көшесінің қиылысына жіберілгенін хабарлады.

«Оқиға орнына жеткен сәтте салынып жатқан бес қабатты тұрғын-үй кешенінің бірінші қабатында пластикалық құбырлардың өртенгені анықталды. Өрттің аумағы — 15 шаршы метр. Өрт сағат 14:08–де сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 адам, мен үш техника жұмылдырылды.