Алматыда күн 30 градусқа дейін ысиды

Алматыда күн 30 градусқа дейін ысиды
Сурет: Ашық дереккөз

6-12 мамыр аралығында оңтүстік астанада күн 30 градусқа дейін ысиды

Болжам бойынша, келесі аптада Алматыда күн ашық әрі ыстық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидрометтің" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 6-12 мамыр аралығында оңтүстік астанада күн 30 градусқа дейін ысиды, ал апта соңында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

6 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3°С , күндіз 17-19°С жылы.

7-8 мамыр: күн ашық. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8°С, күндіз 18-20°С жылы.

9 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10°С, күндіз 22-24°С жылы.

10 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12°С, күндіз 24-26°С жылы.

11 мамыр: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14°С, күндіз 28-30°С жылы.

12 мамыр: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады,екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17°С, күндіз 26-28°С жылы.