Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтеді

Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда мерекелік концерт 29 тамызда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді.

Іс-шараға «Мұзарт» және «Жігіттер» тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дұғалова, Hey Monro және т.б. қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Қала қонақтары мен тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Екі күн бойы – 29-30 тамыз сағат 20:00-де Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда, ашық аспан аясында «Сүйікті қаладағы жазғы әуен» фестивалі өтеді. Іс-шара ҚР Конституциясы күніне және Абай атындағы ҚҰОБТ-ның 90-шы мерейтойлық театр маусымының ашылуына орайластырылды. Қала тұрғындары үшін Абай атындағы ҚҰОБТ опера және балеттің жетекші солистері, хор әртістері, симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.  

30 тамызда сағат 14:00-де Көктөбеде «Алматы әуендері» КМҚК шығармашылық ұжымының, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне орай мерекелік концерт өтеді.

 Бұған қоса, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

- Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді

- Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді

- Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында өтеді. Аудандық мерекеде ту салтанатты түрде алып шығарылып, әнұран орындалады, 16 жастағы азаматтарға жеке куәліктерді табысталып, ұтыс ойындары мен байқаулар ұйымдастырылып, ашық аспан астында кино көрсетіледі.

- Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19:00-де «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі, 2а

- Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді

- Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді

Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 тамыз күні Әуезов және Наурызбай ауданында мерекелік концерт өтті.