Алматыда Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні мыңнан астам ағаш отырғызылды

Алматыда Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні мыңнан астам ағаш отырғызылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күніне орайластырылған ағаш отырғызылды. Іс-шара барысында аудан әкімдіктері мыңнан астам ағаш отырғызды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Экология және қоршаған орта басқармасы көшеттерді қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетті. Қылқан жапырақты көшеттер, сондай-ақ шаған, сәнағаш, қарағаш, үйеңкі, қараған, қайың, алма және терек берілді.

Аталған эко іс-шара Алматы қаласының барлық ауданын қамтыды: Алатау ауданында 30 ағаш, Алмалы ауданында - 15, Әуезов ауданында - 200, Бостандық ауданында - 100, Жетісу ауданында - 340, Медеу ауданында - 45, Наурызбай ауданында - 200 және Түрксіб ауданында - 160 ағаш отырғызылды. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыры аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жарияланды. Мегаполистің әрбір тұрғынын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ экологиялық жобаларды қолдауға шақырамыз.

Толық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланған.