Алматыда көше ортасында қару ұстап жүрген ер адам жауапқа тартылды

Алматыда көше ортасында қару ұстап жүрген ер адам жауапқа тартылды
Сурет: Astanatv.kz

Әлеуметтік желіде екі ер адамның видеосы шықты.

Олардың бірі қару ұстап жүрген. Олар видео авторын балағаттап, видеоға түсірмеуді сұрады. Осыдан соң оқиға орнына полицейлер келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

«А. есімді азаматтың қолында пневматикалық мылтық болғаны анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілікі хаттама толтырылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.