28 наурызға жасалған ауа райы болжамы

28 наурызға жасалған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарды болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Батыс Қазақстанның орталығы үстінде орналасқан белсенді циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде қатты жаңбырды сақтайды.

ҚР бойынша тұман, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, батыста, солтүстік – батыста, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан тау асуларында, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 30 м/с дейін және одан да  қатты жел күтіледі.