Үндістан Қытайдан озады

Үндістан Қытайдан озады
Сурет: Inbusiness.kz

Сәуірдің екінші жартысында Үндістан халық саны бойынша Қытайдан озып, ең тығыз қоныстанған мемлекет атанады.

Біріккен Ұлттар ұйымы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір Үнді жерінде 1,4 млрд адам өмір сүреді. 2011 жылғы санақ кезінде 1,2 млрд болатын. Ал Қытай қазір елеулі демографиялық мәселеге тап болып отыр. 100 әйелге 105 ер адамнан келеді. 1970 жылдары енгізілген «бір отбасы – бір бала» саясатының аяғы осындай мәселеге әкеліп соқты. Қытай халқы былтыр 850 мың адамға азайған.