«Жерге табын, адамзат!»

«Жерге табын, адамзат!»
сурет: ҚР Ұлттық кітапханасы

Олжас Сүлейменов жаңа шыққан еңбектерін ҚР Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Олжас Сүлейменов «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлерін және ҚР ҰҒА-академигі Т.И. Есполовты «Халықаралық Невада – Семей Антиядролық қозғалысының 30 жылдығы мерекелік медалімен» марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мерекелік медальдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 30 жыл толуына орай өткен «Жерге табын, адамзат!»  жиыны барысында табыс етілді. 

Шара модераторы белгілі журналист, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандәулетов Валерий Айтмұқашұлы. Дөңгелек үстелде мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, ғалым, Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-академигі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетеінің ректоры Есполов Тілектес Исабайұлы, белгілі журналист, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Шалахметов Ғаділбек Мінәжұлы және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлері Олжас Сүлейменовке жылы лебіздерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.