Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы көмек көрсетудің төлем мөлшері бекітілмек

Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы көмек көрсетудің төлем мөлшері бекітілмек Сурет: ашық дереккөз

Алматыда мүгедектігі бар балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға өңірлік бюджет есебінен берілетін төлем көлемі бекітілмек, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


"Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін", - делінген "Ашық НҚА" прталында жарияланған әкімдік қаулысында.


Құжатта көрсетілгендей, қазір арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін 1 433 мүгедектігі бар бала кезекте тұр.


Қалалық білім басқармасы 1 бала үшін сағатына маманның жұмысы үшін мынадай сома бөлуді ұсынды:


Психолог – 7 216 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);


Логопед – 7 619 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);


Дефектолог – 7 755 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);


Тифлопедагог – 7 729 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);


Олигофренопедагог – 7 917 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);


Сурдопедагог – 7 593 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін);


Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы – 7 212 теңге (1 сағат жеке сабақ үшін).


Әкімдік қаулысы 22 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09