Алматыда “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі арқылы көлік ұрысы анықталды

Алматыда “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі арқылы көлік ұрысы анықталды
Сурет: Polisia.kz

Қаскөйдің олжасы жаңа кроссовер болды.

Ұры еркін кіру мүмкіндігін пайдаланып, басқа біреудің пәтерінен көлік кілтін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Кілттер үйде болды. Ұры таңғы сағат 06.30-да кіріп, кілттерді ұрлап кеткен. Екі сағаттың ішінде маған көлікті тауып, қайтарып берді. Мен өте қуаныштымын. Үлкен рақмет. Күтпедім», – дейді "Дарабоз" шағынауданының тұрғыны. 

Hyundai автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскеннен кейін Жедел басқару орталығының операторлары оны “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы тапты. Солтүстік айналма жолында көлік камераға түсіп қалған. Ол шығыс бағытта қозғалып келе жатты.

«Буран-179» патрульдік полициясының экипажы Постышева көшесінің қиылысында көліктің жолын жапты. Ұры ұсталды», – деді Алатау аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Ұсталған азамат мас болғанын алға тартып, кінәсін мойындады. Ер адамның айтуынша, ол досының үйін іздеуге келген, бірақ басқа біреудің пәтеріне кіріп кетіп, сол жерден көлік кілтін ұрлап кеткен.