Алматыда қызылша күшейіп барады

Алматыда қызылша күшейіп барады
Сурет: Ortalyq.kz

Салдарынан Алматыда қызылша анықталған тағы бір мектептің бастауыш сыныбы қашықтан оқуға көшті.

Бұған дейін №172 мектептің төменгі сынып оқушылары онлайн оқуға ауыстырылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, олар екі апта үйде оқиды. Қазір жалпы 18 ересек және 159 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр.Биыл наурыз айынан бастап қызылшаның зертханалық расталған 1600-ден аса жағдайы тіркелді. Оның 1400-ге жуығы 14 жасқа толмағандар. Арасында 100-ден аса мектеп оқушысы бар.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласында инкубациялық кезең аяқталмаған оқушылар арасында 105 жағдай тіркелген. Медициналық бақылау жүргізеді. Баламен қарым-қатынаста болған адамдар анықталады. 21 күн медициналық бақылауға болады», - қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Әсел Алтаева.