Алматыда «Кітап - білім бұлағы» атты жарыс өтіп жатыр

Алматыда «Кітап - білім бұлағы» атты жарыс өтіп жатыр
Сурет: Almaty.tv

Байқауға 1-11 сынып оқушылар қатыса алады

Алматыда халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кітап -білім бұлағы» атты қалалық жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Онда оқушылар үш бағыт, яғни театрландырылған қойылым қою, кадрда оқу, поэтикалық баттл бойынша бақ сынасады. Мәселен, театр бағытында бастауыш сынып оқушылары ертегілерді сахналайды. Басты талапқа сай қойылым балаларға жақсы ой салатын, тағылымы мол болуы керек.

«Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйретіп, олардың кітап оқуға деген ынтасын ояту. Байқауға 1-11 сынып оқушылар қатыса алады. Байқау мектепішілік, аудандық және қалалық үш кезеңнен тұрады», – деді №129 ЖББ мектеп директорының орынбасары Сурия Даутова.