Алматыда қымызмұрындық мерекесі тойланды

Алматыда қымызмұрындық мерекесі тойланды
Сурет: 24.kz

Алматы облысы, Кеген ауданында «Қымызмұрындық» мерекесі тойланды. 

Мыңжылқы жайлауында ұлттық сусын дәріптеліп халыққа тегін таратылды. Таудың етегіндегі жазиралы жайлауға алыс-жақыннан адам көп жиналды. Мерекелік шара аясында ауылшаруашылық көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шаруалар мен шопандар жетістіктерін көрсетті. Сонымен бірге ұлттық қолөнер бұйымдары көпшілкке таныстырылды. Ауданның дамуына еңбегі сіңген белсенді, еңбекқор азаматтар марапатталды. Отандық әншілердің қатысуымен концерт те өтті. Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.