Алматыда хоккей чемпионаты өте ме?

Алматыда хоккей чемпионаты  өте ме?
Сурет: интернеттен

Еліміз 2028 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді.

Турнир өтетін орын ретінде Астана мен Алматы таңдалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлем чемпионатын өткізуге Франция да (Париж және Лион) үміткер.

2024 жылы ғаламшардың біріншілігін 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалалары қабылдайды.

IIHF кеңесі былтыр ақпан айының соңында Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларусь құрамаларын халықаралық жарыстардан белгісіз мерзімге алып тастады. 2023 жылдың наурызында IIHF тоқтата тұруды 2023/24 маусымына ұзартты.

Қаңтар айында ұйым басшысы Люк Тардифтың айтуынша, Ресей және Беларусь құрамаларын халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2026 жылғы олимпиада ойындарына қатыстыру мәселесін ұйым кеңесі 12-13 ақпанда қарайды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 2024 жылы әлем чемпионатының ТОП-дивизионының турниріне қатарынан төртінші рет қатысатыны хабарланған болатын. Сондай-ақ 2006 жылдан бері алғаш рет 2023 жылғы әлем чемпионатында құрама тек қазақстандық хоккей тәрбиеленушілерінен құралды.