Алматыда «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік кеш өтті

Алматыда «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік кеш өтті
Сурет: Almaty.tv

Домбыраның үні тек күмбірлей берсін, асқақтай берсін!

Алматыда «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Ұлттық домбыра күніне арналған шараны республикалық Достық үйі мен Қазақстан әзірбайжандарының қауымдастығы ұйымдастырған. Мереке құттықтау сөзден басталып, әрмен қарай күмбірлеген домбыра күйлерімен жалғасын тапты. Музыкалық кешке қазақ өнерінің майталмандары, белгілі күйшілер мен дәстүрлі әншілер қатысты.  

«Мен мұндай іс-шараларды алдағы кезде де жалғастырсам ба деп ойлаймын. Өйткені біздің қазақтың қасына этностарды топтастыратын, ұйыстыратын - бұл әдебитеті, мәдениеті, жыры мен дастаны», – деді республикалық Достық үйінің жетекшісі Нұрсәуле Әлтекова. 

«Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шарамыз кеңінен насихаттала берсе екен деп мен шын жүрегімнен айтқым келеді. Осындай ашық аспан астында өткізіп жатқан шара үшін ұйымдастырушылар алқасына алғысымды айтқым келеді. Домбырамыздың үні тек күмбірлей берсін, асқақтай берсін! Осындай жас өрен ұрпақтарымызға кейінге мұра болып қала береді деп айтқым келеді», – деді «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Нұрболат Исаев.