Алматыда «Фотограф біліктілігі» және «Операторлық өнер» мамандарын дайындау қолға алынады

Алматыда  «Фотограф біліктілігі» және  «Операторлық өнер» мамандарын дайындау қолға алынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2024 жылдың 15 сәуірінде Принтмедиа технологиялар колледжінде «Фотограф біліктілігі», «Операторлық өнер» мамандығы бойынша демонстрациялық шеберлік сабақ өтті.

Шеберлік сабағын Алхаров Оңғарбек - Қазақстан Көркем сурет академиясының академигі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, Фотоөнер қоғамдық бірлестігінің мүшесі, өнертану ғылымының магистрі, Принтмедиа технологиялар колледжінің оқытушысы өткізді.

Шеберлік сабақта екі алаң ұйымдастырылды. Бірінші түсірілім алаңы заманауи стильде, ал екінші алаңда қазақ стиліндегі этно-декорация ұйымдастырылды.

Мастер-класстың басты мақсаты: фотограф мамандығын насихаттау және дамыту, фотография өнерінің мәнін жастарға жеткізу.

2024 жылы Принтмедиа технологиялар колледжінде «Фотограф біліктілігі», «Операторлық өнер» мамандығы бойынша алғашқы лек қабылданады.