Алматыда «Қазыбек-бек» станциясына дейін жүретін жолаушылар пойызы қайта іске қосылады

Алматыда «Қазыбек-бек» станциясына дейін жүретін  жолаушылар пойызы қайта іске қосылады
Сурет: Kaz.tengritravel.kz

3 тамыздан бастап қала маңына қатынайтын «Алматы-Қазыбек бек» бағытындағы жолаушылар пойызы  қайтадан күн сайын жүретін болады.

3 тамызда пойыз Алматы-2 теміржол вокзалынан сағат 9.30-да, Алматы-1 станциясынан сағат 10.07-де жөнелтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Алматы қалалық мобилділік басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол жүру ақысы поездың ішіндегі жолсеріктерге ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге. 

Қызмет көрсетуші компания: «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС. Тасымалдау жалпы үлгідегі вагондармен (отыратын орындар) жүзеге асырылады.