Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды

Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды
Сурет: Semeynews.kz

Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Медеу ауданындағы бағбандық серіктестіктердің бірінің аумағынан қару жасырылған орынды анықтады.

Ол жерде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкеннен ұрланған тегіс ұңғылы карабин, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Арсеналдың қайдан шыққаны тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін белгілі болады, - дейді мамандар.