Алматыда қантқа сұраныс артты

Алматыда қантқа сұраныс артты
Сурет: Orda.kz

Бұл жаз мезгіліне орай түрлі тосап, тәтті шырын әзірлеумен байланысты.

Мұндай болжамды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары жасап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондықтан қалаға жеткізілетін қант мөлшері көбейтілді.

Бұған дейін мегаполиске күніне 250 тонна қант жіберілетін. Қазір ірі сауда орындарында құмшекер келісі 445 теңгеден сатылуда. Одан бөлек бір қолға 5 келіден артық берілмейді. Мамандардың айтуынша, бүгінде қоймаларға 5 мың тонна қант жеткізіліп жатыр. Қыркүйек айында Ақсу қант зауытының ашылуы жоспарланған. Өндіріс іске қосылса, Алматыға 10 мың тонна қант жеткізілмек.

"Бұл қоймаға күніне 300-ден 500 тоннаға дейін қант жеткізіліп тұрады. Айына 5 мың тонна жөнелтеміз. Мұның сыртында өндірушілердің тікелей сатып алушыларға жеткізуі бар. Қазір Алматы қаласына қант дер кезінде тасымалданып жатыр", - дейді  Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров.