Алматылық кәсіпкерлер Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді

Алматылық кәсіпкерлер Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді
Сурет: Baq.kz

Олар бизнеске арналған жеңілдіктерді алып тастауға қарсы

Бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлер жиын өткізіп, Салық кодексіне дивидендтерді салық салудан босату бойынша жеңілдіктердің күшін жоятын түзетуге қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтема жасап.

«Алматы кәсіпкерлері Салық кодексіне дивидендтерді салық салудан босату бойынша жеңілдіктерді алып тастайтын жаңа түзетулердің енгізілуіне алаңдайды. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл норма бизнеске екі есе салық салуына алып келеді, инвестициялардың тиімділігі мен Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын төмендетеді», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетов.

Еске салсақ, 8 маусымда Парламент Мәжілісі отырысында екінші оқылымда, шұғыл заң жобасы аясында Салық кодексіне түзетулер қабылданды. Бұл түзетулер шағын және орта бизнес субъектілері үшін дивидендтерді салық салудан босату түріндегі жеңілдіктерді алып тастауды көздейді. Осылайша, 2023 жылдан бастап резидент еместер мен жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер (егер дивидендтер сомасы 30 000 АЕК-тен асатын болса) бойынша жеңілдіктер алынып тасталады.

Ұлттық палата мамандары Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдіріп, түзетулер қабылдануы отандық шағын және орта бизнеске теріс әсер етуі мүмкін  екенін және енгізуге неғұрлым жүйелі қарау қажеттігін атап өтті.

«Дивидендтерге салынатын салық қазір мынадай тәртіпте төленеді – егер кәсіпкер компанияны 3 жылдан аз уақыт иеленсе, онда дивидендтер алған кезде ол 5% төлейді. Егер компаниясына 3 жылдан астам уақыт болса, дивидендтерге салық салынбайды. Қазір дивидендтерге 10% мөлшерлеме белгілеу ұсынылды. Егер біз жаңа Қазақстанның қарқынды дамуын қаласақ, онда қосымша салықтар енгізетін түзетулердің күшін жойып, түсінікті Салық кодексін жасап, кодекске кем дегенде 3 жылға өзгерістер енгізуді тоқтату қажет», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев.