Қаржы министрлігі: Жыл басынан 65 млрд теңге игерілмеген

Қаржы министрлігі: Жыл басынан 65 млрд теңге игерілмеген
Сурет: Kyzylorda-news.kz

Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген. Оның 7 миллриарды - үнемделген қаржы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Әсіресе, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері көп қаржыны игермеген. Бұған құжаттардың ұзақ рәсімделуі, шоттардың кеш ұсынылуы секілді бірқатар себеп бар. Дегенмен, биыл алғашқы 5 айда отандық экономиканың өсу қарқыны 4,6 пайызға дейін жеделдеген. Жыл басынан бері экспорт көлемі ұлғайды. Сауда, құрылыс, көлік, тау-кен өндіру өнеркәсіптері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салалары оң өсім көрсетіп отыр.

«Бес айдың қорытындысына сәйкес, Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстрында, сонымен қатар Шымкент қаласы мен елордада барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркеліп отыр. Жауапты мемлекттік органдар мен әкімдіктер осы жұмыс қарқынын сақтау керек. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инветицияларды тарту және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет», - дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.