Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды
Almaty-akshamy.kz

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылд

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы маңындағы қоғамдық көлік қозғалысын дамыту мақсатында Алматының қалалық мобилділік басқармасы биыл 20 қарашадан бастап №234 қала маңына қатынайтын маршрут ашылды.

Бұл бағыт Еламан кентінен Алтай-1 (ВАЗ) шағын ауданына дейін жүреді. Маршруттағы автобус саны 10, қозғалыс аралығы 20 минут.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы қалалық мобилділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын жаңа маршрут ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұрын 6 маршрут ашылды, қалған 3 бағыт әзірленіп жатыр.

Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.