Алматыда бір тәулікте 11 мыңнан астам адам екпе қабылдады

Алматыда бір тәулікте 11 мыңнан астам адам екпе қабылдады
Сурет: Newsroom.kz

Вацина салдырушылар саны артты.

Алматы қаласында бір тәулікте 11 472 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«17 тамыз күні 5396 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 6 027 адам салдырды, II компонентін салдырғандар саны - 5273. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 тамызы аралығында қалада барлығы 823 223 адам вакцина алды. Вакцина салдырғандардың ішінде 108 775 адамның жасы 60-тан асқан», - делінген басқарма таратқан хабарламада.