Президент Украинадан отандастарымызды эвуакациялау жұмысын оң бағалады

Президент Украинадан отандастарымызды эвуакациялау жұмысын оң бағалады
Сурет: Ашық дереккөз

Украинадан 432 отандасымыз жеткізілді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың
Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды. 

«Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр»,-деп жазды ол. 

Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.