Алматыда ит иесін пышақ ала жүгірген бұзақыдан құтқарды

Алматыда ит иесін пышақ ала жүгірген бұзақыдан құтқарды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ит пышақпен шабуылдаған ер адамнан иесін құтқарып қалды.

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз біреу итімен серуендеп жүрген ер адамға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасының ҚК-тің 316-бабы 2-бөлігімен (жануарларға қатыгездікпен қарау) қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатқанын мәлімдеді.

Күдікті - 1987 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды.

«Күдікті иттің иесі екеуінің арасында туындаған жанжалдан соң, үй жануарын өзіне қарсы жібергенін және өзін қорғауға мәжбүр болғанын айтты. Оқиғаның объективті мән-жайлары қосымша тергеу барысында анықталатын болады», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.