Алматыда инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі

Алматыда инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ол 2023 жылдың наурыз айынан бастап мегаполисте инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін құрылым бар екенін хабарлады. «Almaty Business Development Company» «Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС-де қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады.

«Компания консультация беру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу және әкімшілік кедергілерді азайту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдауды уақытылы көрсетуге бағытталған», - деді Берік Солтанбаев.

Тиісті басқарма басшысы 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 604,4 млрд теңгеге жеткенін атап өтті.