Алматыда гинекология тақырыбында Еуразиялық саммит өтеді

Алматыда гинекология тақырыбында Еуразиялық саммит өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

26-28 сәуірде Алматыда "Гинекологиялық ісіктерді емдеудегі заманауи тәсіл" тақырыбында Еуразиялық саммит өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жиында гинекологиялық ісіктерді диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері, гинекологиялық қатерлі ісікпен ауыратын пациенттерге көмек көрсетудің клиникалық жағдайлары мен перспективалары, сондай-ақ жатыр мойны обырының профилактикасы, оның ішінде қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау талқыланады.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ, халықаралық гинекологиялық обыр қоғамымен (IGCS) және американдық-Еуразиялық онкологиялық Альянспен (AECA) бірлесіп Қазақстан онкологтар қауымдастығы ұйымдастырады.

Саммиттің жұмысына АҚШ, Италия, Түркия, Грузия, Испания, Австралия, Ұлыбритания, Корея және т.б. елдерден 300-ден астам онкогинеколог, онколог, сәулелік диагностиктер, терапевтер, патоморфологтар қатысады деп жоспарланған.

Форумның шеңберінде жатыр мойны обырын жою және Денсаулық сақтау министрлігінен, халықаралық ұйымдардан, ғылыми зиялы қауым өкілдерінен Қазақстанда паллиативтік көмекке қол жеткізу проблемаларын шешу жөніндегі саясатты қалыптастыратын сала көшбасшыларының қатысуымен дөңгелек үстел форматында пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

Саммиттің жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (IARC), Еуропалық медициналық онкология қоғамының, БҰҰ-ның халық саласындағы қорының, Хоспистік паллиативтік көмектің Дүниежүзілік Альянсының және басқа да көптеген өкілдері қатысады.