Алматыда Геннадий Головкинді қолдау акциясы өтеді

Алматыда Геннадий Головкинді қолдау акциясы өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

"Медеу" мұз айдынында ринг орнатылып, бокс спаррингтері өтеді

Алматы маңындағы "Медеу" мұз айдынында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогиясына арналған қолдау акциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл іс-шара 10 қыркүйек күні елорда уақытымен 14:00 басталады.

"Медеу" мұз айдынында ринг орнатылып, бокс спаррингтері өтеді деп жоспарланған. Ал төрешілік қызмет угандалық Поль Тузиндеге сеніп тапсырылды.

Іс-шара барысында GGG жазуын жиналған қолдаушылардың көмегімен жазады.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Мексика қабыланы Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.