Алматыда гараж өртенді

Алматыда гараж өртенді
Сурет: Sputnik.kz

Өрт туралы дабыл кешкі сағат 18:22-де келіп түскен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданы, Радостовцев көшесі, 409 үйі маңында жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын екі гараж өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шұғыл хабарламаны қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жеткізді.

«Оқиға орнында жеке құрамның 28 адамы мен 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.