Алматыда футболдан халықаралық турнир аяқталды

Алматыда футболдан халықаралық турнир аяқталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда балалар мен жасөспірімдер командалары арасында футболдан халықаралық турнир аяқталды. Жарысқа 35 команда қатысты

Ұйымдастырушылар жарысты Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші жасақтың бірінші командирі полковник Борис Керімбаевты еске алуға арнады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-а сілтеме жасап.

Бұл турнир осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Биыл ол халықаралық мәртебеге ие болды. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 500-дің үстінде жас футболшы қатысты.

«Алаш» стадионында төрт жас санатындағы 35 команда кездесті.

Жарыс қорытындысына келсек, 2015-2016 жылғы топтар арасында Астана қаласынан келген «УРАГАН» командасы, 2013-2014 жылғылар ішінде қызылордалық «КGEK» командасы жеңіске жетті. 2011-2012 және 2007-2008 жылы туған жас санаттарында «JEYRAN» және «JAS QYRAN» командалары чемпион атанды.

Ауған ардагерлері турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне қызықты ойын көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігері және ұмтылысы үшін медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етті.