Электрондық цифрлық қолтаңбаны QR код арқылы алуға болады

Электрондық цифрлық қолтаңбаны QR код арқылы алуға болады
avesta-news.kz

Енді мобильді құрылғыдағы QR кодты пайдаланып тексеруден өтуге болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбай-ақ қолжетімді болады.

Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

«ЭЦҚ алу – eGov.kz порталында өте танымал сервис. Тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Бізге азаматтар компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген шағымдармен көп келеді. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың әдеттегі тәсілін жалғастыру қажет.