Чемпиондар лигасы: «Астана» мен «Динамо Загреб» кездесуіне төрешілер белгіленді

Чемпиондар лигасы: «Астана» мен «Динамо Загреб» кездесуіне төрешілер белгіленді
Сурет: ашық дереккөз

 Елордалық «Астана» клубының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысындағы қарымта ойынына төрешілер белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасын қабылдайды.

Кездесу «Астана-Арена» стадионында 2 тамызда 20:00-ге белгіленген.

Ойынға Нидерланд елінен келген Деннис Хиглер бас төреші болады. Оған отандастары Рогир Хониг мен Рой де Наc көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Джоуи Коэй.